Ақтөбеде жаңа үлгідегі полиция бекеттері орнатылады

1067

Ақтөбеде көшелердегі қоғамдық орындарда модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттері іске қосылады. Әзірге мұндай посттар 5 орынға қойылған. Олар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен, қысқы және жазғы климатты бақылау жүйесімен, стационарлық радиобайланыспен, сондай-ақ барлық коммуналдық жағдаймен (кәріз, су құбыры, желдету) қамтамасыздандырылған төрт үй-жайдан тұрады.

Ақтөбеде жаңа үлгідегі полиция бекеттері орнатылады

Бөлменің үштен бірі әйнек күйінде болды, бұл полиция қызметкерлерінің жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда стационарлық полиция бекетін қаланың кез келген жеріне ауыстыруға болады.

Стационарлық бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады, күндізгі уақытта сағат 08-00-ден 20-00-ге дейін бекетте учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. Құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекеттер мен іргелес аумақтарда патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.

"Бұл жаңалық полицияның азаматтардың сұраныстарына сапалы жауап беруін қамтамасыз етеді, "полицияның қадамдық қолжетімділігі" қағидаты бойынша жұмыс істеуге септігін тигізеді деген сенімдемін"- деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу