Ақтөбеде жарамсыз су бөгеттері бұзылып жатыр

883

Ақтөбе облысында Ойыл өзеніндегі заңсыз бөгеттерді бұзу жұмысы басталды. Бұл туралы Облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме беріп. 

Ақтөбеде жарамсыз су бөгеттері бұзылып жатыр

"Атап айтқанда, Ақшатау, Ашықбай шатқалдарындағы бөгеттер мен Қаракесек Тай-Тай бөгеті жойылды. Келесі кезекте Шығырлы, Жарлы және Игібай өзендеріндегі тоспалар. Жалпы Ойыл өзенінің арнасында орналасқан бөгеттердің көпшілігі Кеңес заманында салынған, бүгінгі күні олардың барлығы дерлік жұмыс істемейтін жағдайға келді", – дейді Ә.Бекмұхаметов.

Айта кету керек, мамырда Ақтөбе облысының Мұғалжар, Қобда, Темір және Ойыл аудандарының аумағында Ойыл бассейні мен жоғарғы ағысында түрлі типтегі 57 гидротехникалық құрылыс анықталған. Оның ішінде 34-і "иесіз" бөгеттер. Қазір бұл объектілердің 10-ы ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін коммуналдық балансқа қабылданады: №1 Шитбұлақ бөгеті, №2 Шитбұлақ бөгеті, Шұбаралсай өзенінің бастауындағы бөгет, Жарлы өзеніндегі №2 бөгет, Шығырлы өзені арнасындағы №1 учаске, Шығырлы өзені арнасындағы №2 бөгет, Шығырлы өзені арнасындағы №5 учаске, Ащықұмды өзені арнасындағы №1 бөгет, Ащықұмды өзені арнасындағы №2 бөгет және Қарағанды өзенінің бастауындағы бөгет. Қалған 18 нысанды (бұзылған бөгеттер) қалпына келтіру жоспарда жоқ.

Оның айтуынша, арналарды артық өсімдіктерден тазарту да жүргізіледі. Атап айтқанда, Шығырлы және Шұбаралсай өзендерінде каналдарды тазалау жүргізілуде, алдағы уақытта бес бұлақ (Шитбұлақ №1, Шитбұлақ №2, Талдысай, Егіндібұлақ, Қиздібұлақ) бойын тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Қазір Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Ойыл өзені бассейніндегі ағынды ұлғайтуға бағытталған су қорғау іс-шараларын әзірлеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу