Ақтөбедегі қанды оқиға: "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

505

Тұрғындар қалашығында болған қайғылы оқиға жұртты жүр сілкіндірді. 35 жастағы келіншек ұлы және қызымен екі бөлмелі пәтерде тұрған.  

Ақтөбедегі қанды оқиға: "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Фото: inbusiness.kz

Белгілісі марқұм келіншек өте балажан, мектептегі жиналыстарға үнемі барып жүрген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық білім бөліміндегілердің айтуынша, балалар қаладағы мектептердің бірінде оқыған. Толық емес отбасына жатады. Аналары балаларына үнемі көңіл бөлетін болған. Қолайсыз отбасының санатына кірмейді.

Бір отбасындағы екі адамды зорлықпен өлтірген кім екенін анықтау үшін  полицейлер жедел тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл - қаза маған өте ауыр соққы. Мен ауруханада өмірі үшін күресіп жатқан қыздың әжесімін. Немеремнің әкесі, яғни менің ұлым кеше ғана өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Марқұм ұлым мен келінім жеті жыл бұрын екі бөлек кеткен болатын. Екеуі ресми үйленбегенімен, азаматтық некеде тұрды. Қайтыс болған 16 жастағы ұл – келініме еріп келген бала, ал 13-тегі қыз – менің баламан туған қыз. Ұл мен келіннің жолы екі айрылғанымен, біз өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Келінім өте ақылды еді. Дәмханада даяшы болып жасады, кейін тамақ жеткізу орындарында жүретін. Басқа біреумен көңіл жарастырды ма, жоқ па, ол жағынан хабарсызбын. Кім біледі не болғанын? Немеремнің тезірек сауыққанын тілеймін", - деді Татьяна Игнатьева.

Еске салайық, бүгін 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұм әйелдің ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ота жасалған. Жағдайы - өте ауыр.

"Мойынның алдыңғы және оң жағында сұғылған-кесік түріндегі бірнеше жарақаты бар. Мойын көктамыры, кеңірдектің және мойын бұлшықеттері зақымданған", - деді дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу