Ақтөбелік әйел алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған

208

Әйел адам қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбелік әйел алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған Фото: canva.com

5 сәуірде Ақтөбелік тұрғынның телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, 7 млн теңге сомасындағы қаражатын заңсыз иеленген.

Алаяқтар жәбірленушіге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын және оларды тоқтатып, қолға түсіру үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажет екенін айтқан. 

Әйел қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, бір күн ішінде қаладағы 3 банкке барып, өз атына жалпы сомасы 7 млн теңгеге несие рәсімдеген. Дәрігер әйел бұл ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға терминал арқылы 14 рет аударған. Үш күннен кейін алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген әйел полицияға арызданды. 

"Полиция қызметкерлері өңірдегі барлық мекемелерді, оның ішінде медициналық мекемелерді де аралап, алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күн сайын жүргізіп, дабыл қаққанымен, өкінішке орай азаматтар әлі де өз еркімен алаяқтарға ақша аударуда. Банк қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, ақшаны аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз", – дейді Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу