Ақтөбелік кәсіпкерлер биыл 314 жобаны жүзеге асырады

804

Осы жылы кәсіпкерлер туып-өскен ауылдарын қамқорлыққа алуды жалғастырып, 2,6 млрд теңгеге көмек көрсетуді жоспарлап отыр. 

Ақтөбелік кәсіпкерлер биыл 314 жобаны жүзеге асырады

Ақтөбенің облыс әкімдігінде өңірдегі бизнес қоғамдастық пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері "Ауыл - ел бесігі" жобасының тиімді жүзеге асырылуы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Кәсіпкерлердің бір де біреуі игі істен тыс қалмасын. Әрқайсысы өзін тәрбиелеген туған жерін дамытуға, мемлекет басшысының барлық әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосуы керек",– деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, былтыр Ақтөбе облысында 2 млрд теңгеге 344 жоба жүзеге асырылған болатын, яғни жаңа әлеуметтік нысандар салынды, жолдар мен көпірлер жөнделді, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтілді, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.

Осы жылы кәсіпкерлер туып-өскен ауылдарын қамқорлыққа алуды жалғастырып, 2,6 млрд теңгеге көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Осылайша, 289 меценат 199 елдімекенде 314 жобаны жүзеге асыруға уәде берді. Оның ішінде 4 жоба денсаулық сақтау, 16 білім беру, 69 ТКШ, 95 мәдениет пен спорт және т.б. Негізінде, саябақтарды абаттандыру, спорттық және ойын алаңдарын орнату шаралары, жол жұмыстары жүргізіліп, ауыл клубтары мен мәдениет ошақтары жөнделмек.

ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік" ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбеков ауылдарды жаңғырту жаңа нысандарды ашу ғана емес деп есептейді. Оның ойынша, идеологиялық құрамдасқа да назар аударған маңызды, яғни өскелең ұрпақты патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелейтін ақсақалдар институтын қайта жандандырып, ауыл тұрғындарын одан әрі біріктіретін "Ең үздік ауыл" байқауын өткізген жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу