"Алаңдаушылығымызды жеткіздік": Әлібек Қуантыров КҚК-ға жасалған дрон шабуылы туралы

166

Каспий құбыр консорциумы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.  

"Алаңдаушылығымызды жеткіздік": Әлібек Қуантыров КҚК-ға жасалған дрон шабуылы туралы Фото: primeminister.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Каспий құбыр консорциумына кіретін "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылына қатысты сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз алаңдаушылығымызды украиндық тарапқа жеткізді, олар бұл жөнінен хабардар. Өздеріңізге белгілі, аталған инфрақұрылымға дронмен шабуыл жасалды. Жалпы жағдай түсінікті. Каспий құбыр консорциумы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр, біздің мұнай экспортталуда. Осындай оқиғалар қайталанған жағдайда бұл мәселені шешетін боламыз", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, Сыртқы істер министрлігі Украина тарапымен байланыста.

Айта кету керек, осыған дейін Энергетика министрлігі КҚК-ға жасалған дрон шабуылы туралы мәлімдеме жасағанын жазған едік. Қазақстан осы мәселені Украинамен талқылады. 17 ақпан күні  Каспий құбыр консорциумының станциясына дрондар шабуыл жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу