Аланияда жол апатына ұшыраған қазақстандық әйел қайтыс болды

443

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Аланияда жол апатына ұшыраған қазақстандық әйел қайтыс болды Фото: NTV

Түркияда болған жол апатынан зардап шеккен тағы бір отандасымыз ауруханада көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz

"Алания мемлекеттік ауруханасында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бүгінгі таңда марқұмның туыстары ауруханаға келді. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттар рәсімделгеннен кейін мәйіті Қазақстанға жіберіледі", - деп хабарлады ведомство.

Айта кету керек, осыған дейін Түркияның Алания маңында болған жол апатынан жерлесіміз көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу