Аланиядағы апаттан кейін ауруханаға жатқызылған қазақстандық турист көз жұмды

1095

Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

Аланиядағы апаттан кейін ауруханаға жатқызылған қазақстандық турист көз жұмды Фото: russian7.ru

Түркияның Алания аймағындағы жол апатынан соң қазақстандық турист қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған болатын.

"Аланияда апаттан зардап шеккен жолаушылардың бірі бүгін таңертең ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды. Қаза тапқан қазақстандықтың ұлы бүгін Анталияға келді. Қазіргі таңда дипломаттарымызбен бірге оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кету керек, осыған дейін Түркиядағы жол апатында жарақат алған екі қазақстандыққа ота жасалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу