Мұндай құқық бұзушылықтың көбі Алматыда тіркелген (7,2 мың жағдай – бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,9%-ға артық). Анти-лидерлердің үштігіне Нұр-Сұлтан (5,2 мың жағдай – 49,6%-ға артқан) және Шымкент (3,2 мың жағдай – 11,5% артқан) кірді.
"Алаяқтық" бабы бойынша құқық бұзушылық Қызылорда облысында аз тіркелген (599 жағдай – дегенмен бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,5%-ға артық).
Тіркелген осындай құқық бұзушылықтардың 18 мыңға жуығы – интернет-алаяқтыққа, 294 жағдай – төлем карталарын пайдалана отырып құқық бұзушылыққа, 116 жағдай – ақша қаражатын қарызға беру арқылы алаяқтыққа, 70 жағдай – кредит беру саласындағы құқық бұзушылыққа, 6 жағдай – жер құқығы қатынастары саласындағы алаяқтыққа, 5 жағдай жылжымайтын мүлікпен байланысты болып отыр.
Жыл басынан бергі келтірілген залал – 50,9 млрд теңге. Оның ішінде жеке тұлғаларға келтірілген залал – 38 млрд теңге, мемлекетке – 8,5 млрд теңге, заңды тұлғаларға – 4,3 млрд теңге.
2021 жылғы қаңтар-қазан қорытындылары бойынша алаяқтық жасаған 4,9 мың адам тіркелді (бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2%-ға аз). Олардың ішінде 4 мыңы – жұмыссыз, 127-сі – жұмысшы, 122-сі – мемлекеттік қызметкер, 109-ы – жеке кәсіпкер, 40-ы – оқушы, 10-ы – әскери қызметші.