Алдағы 10 жылда қуаты 18 ГВ-тан асатын электр стансаларын салу қажет – Энергетика министрлігі

345

Қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін стансалар жаңартылып жатыр. 

Алдағы 10 жылда қуаты 18 ГВ-тан асатын электр стансаларын салу қажет – Энергетика министрлігі Фото: inbusiness.kz

Бұдан басқа газбен жұмыс істейтін стансалар да салынатын болады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше жыл талқыланып жатыр. Көптеген зерттеу жүргізілді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесі референдумға шығарылатыны туралы айтты. Референдумның нәтижесі оң болған жағдайда осы жұмыстар жалғасын табады. Қазақстанда келесі он жылда 18 гигаваттан астам қуаты бар электр стансаларды салу қажет. Әрине, қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін стансалар да жаңартылып жатыр. Жаңартылған энергия көздері де дамытылып жатыр, газбен жұмыс істейтін стансалар да салынатын болады. Қазіргі уақытта жаңартылған энергия көздері бүкіл өндірілетін энергия қуатытының 4,5 пайызын құрайды. Алайда бұл ауа райына тәуелді болған соң, тұрақсыз болып саналады. Қазақстанда тұрақты жасыл энергия көзін салу керек. Кейде кешкі кездері энергия тапшылығы туындайтын болады. Оны көршілес елдерден сатып аламыз. Болашақта мұндай жағдайды болдырмас үшін АЭС салу мәселесін қарастырып, талқылап жатырмыз", - деді ол елордадағы атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша бизнес-форумда.

Тілшілер "Қазір электр энергиясының тапшылығы бар ма?" деп сұрады.

"Бүгінде кешкі уақыттарда сондай жағдайлар болып қалуы мүмкін. Жазда айына 600 млрд киловатт сағат салып алған болатынбыз", - деді спикер.

Министрлік өкілі АЭС бойынша референдумды өткізу тәртібі тиісті заңмен реттелетінін баса айтты.

"Құжатта референдумды өткізу күні мен уақыты Президенттің Жолдауына сәйкес белгіленетіні көрсетілген. Қазіргі таңда тиісті Жолдау әлі болмады. Бұл заңда референдумның шешімі орындалуға тиісті екені жазылған", - деп түсіндірді Гүлмира Мұрсалова.

Айта кету керек,осыған дейін елімізде АЭС салуға 15 млрд доллар қажет екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу