Ақмолалық спортшы Александр Савин Тайланд елінде өткен семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметіше, Бангкокте өтіп жатқан байрақты жарысқа Азия елдерінен жиналған 61 спортшы қатысып, бақ сынады.
"Семсерлесу U-23 турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысынан барған Александр Савин мен Ерлік Сертай өнер көрсетті. Оның ішінде Александр үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі үшінші орыннан көрінсе, Ерлік 22-ші орынға тұрақтады", делінген баспасөз хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу