Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 261 миллионнан асты

1177

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 261 087 872-ге жетті, деп хабарлайды Американың Джонс Хопкинс университеті.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 261 миллионнан асты

Вирустың таралуы басталғаннан бері әлемде COVID-19-ды жұқтырған 5 195 232 адам қайтыс болды. АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінде COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша 20 миллионнан астам жағдай тіркелді.

Жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны АҚШ-та көп. Онда 48 202 463 адам COVID-19 жұқтырған. Өлім-жітім саны – 776 536 адам.       

Жұқтырғандар саны бойынша екінші орында – Үндістан. Онда СOVID-19 расталған жағдайлардың саны 34 572 523-ке жетті. Елде вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болғандардың саны 468 554 адамға дейін өсті.

Коронавирустың таралуы бойынша әлемде үшінші орында – Бразилия. Онда пандемия кезінде 22 076 863 жағдай тіркелген, оның ішінде 614 186 адам қайтыс болған.        

Әлемдік маңызды оқиғаларға мамандандырылған Worldometer порталының мәліметтері бойынша, жексенбі күні таңертең планетаның 1 миллион тұрғынына өлім-жітім коэффициенті 668,8-ді құрады. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға – 2 395 адам, Үндістанда – 335, Бразилияда – 2 861 адам.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу