Шетелдік инвесторлар арасында қытай құнды қағаздарына сұраныс төрт есеге дейін артқан. Оған юаньнің ХВҚ валюталар қатарына қосылуы және әлем елдерінің орталық банктері өздерінің халықаралық қорларын әртараптандыруы себеп болып отыр, деп жазды vestifinance.ru. Соңғы 11 тоқсанда қытай құнды қағаздарына қаражат құю тек бір рет қана шығынды болып шыққан.
Ал жалпы алғанда осы кезең ішінде кірісі 25%-ға жеткен. 2015 жылы кіріс 12 млрд долларды құраса, биылғы жылдың басынан бері 8 млрд долларға дейін төмендеу байқалды. Оған юаньнің долларға шаққандағы бағамының на 4,2%-ға әлсіреуі әсер етті.
"Халықаралық қорлардың юаньға қарай ақырындап болса да әртараптандыруға әлеуеті сақтаулы. Оған қоса зейнетақы қорлары мен өзара қорлар секілді нақты ақшаны басқарушылар тарапынан қызығушылық жоғары. Егер Қытайды құнды қағаздардың негізгі индексіне қосатын болса, онда алдағы уақытта ол орташа алғанда жылына 80 млрд-тан 100 млрд долларға дейін қаражат тарта алады", – деп мәлімдеді HSBC Holdings Plc дамушы нарықтарды талдау департаментінің басшысы Пол Мэкел. Қытай нарықтары шетелдік инвесторлар үшін есіктерін әлі де айқара аша қойған жоқ. Алайда, бұрнағы жылдары ХВҚ-да қытай бағытына жауапты болған Корнелл университетінің профессоры Эсвар Прасадтың пайымдауынша, енді он жылдан кейін қытай юаніне әлемдік валюта қорларының шамамен 10%-ы тиесілі болмақ. Қазір олардың жалпы сомасы 11 трлн долларды құрайды.