Әлемнің үздік ЖОО-ларында пайдаланылатын 77 оқулық қазақ тіліне аударылды

615

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. 

Әлемнің үздік ЖОО-ларында пайдаланылатын 77 оқулық қазақ тіліне аударылды

Гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің үздік университеттерінің 77 оқулығы қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Бүгінгі таңда аударылған тағы 23 оқулықты басып шығару және тарату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.  

100 шетелдік оқулықты қазақ тіліне аудару "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. Аталған жобаның жұмысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдан басталған.

Барлық оқулықтар жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде, соның ішінде жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша дәрістер оқу, студенттер мен ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланылатынын айта кеткен жөн.

Оқулықтар 100kitap.kz және openu.kz сайттарында жарияланған. Сонымен қатар аударылған оқулықтар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі видеокурстар әзірленіп, www.OpenU.kz порталында орналастырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу