Қытайдың монополияға қарсы органдары Alibaba компаниясына 975 млн доллар көлемінде айыппұл салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің пікірінше, Alibaba бәсекелестік ережесін бұзған. Компания өз өнімдерін бірнеше платформаларда сататын сатушыларға қысым көрсеткен. Яғни олардың өнімдерінің сатылымын Alibaba сайтында жүргізуді шектеп отырған көрінеді.
2020 жылдың желтоқсан айының соңында ҚХР-дың нарықты бақылау басқармасы Alibaba монополиялық сипаттағы әрекеттерді жасады деген күдік бойынша тергеуді бастаған еді. Енді билік онлайн сауда алпауытынан бұл әрекетін тоқтатуды талап етпек.
Alibaba Group (Alibaba.com) – интернет-бизнеспен айналасатын компаниялар тобы.Ол Қытайдың Ханчжоу қаласында орналасқан. Қазіргі таңда Yahoo! компаниясы бұл топтың 43% акциясына ие. Компания, негізінен, өзіндік төлем жүйесі арқылы жұмыс атқарады.
Табиғат Нұрболат
Фото: ixbt.com