Alibaba Қытайдағы сүрбойдақтар мерекесінде бір сағатта $5 млрд-қа тауар саудалаған

1013

Alibaba Қытайдағы сүрбойдақтар мерекесінде бір сағатта $5 млрд-қа тауар саудалаған

Alibaba Қытайда Сүрбойдақтар күніне орайластырылған әлемдегі ең ірі 24-сағаттық жаһандық онлайн-жаппай сауданың алғашқы сағатында Tmall платформасы арқылы  5 миллиард доллардың тауарын сатқан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қытайда сүрбойдақтар күні мерекесі (Гуангуньцзе) жыл сайын 11 қарашада тойланады. Ол ХХ ғасырдың  90-шы жылдарының соңынан мерекелене бастады. Мереке негізінен жігіттер оқитын Нанкин қаласындағы университеттен бастау алған.  "Жалғыз бастылар" өз-өздеріне сыйлық жасап, осылайша көңілдерін алдарқататын болған. Соңғы жылдары бұл үрдіс жаппай дәстүрге айналып, қытайлық сауда орталықтары  мен онлайн-ритейлерлер осы күні жаппай сатылым ұйымдастырып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу