Әлихан Смайылов Қазақстандағы камералдық бақылаудың сапасының төмендігіне назар аударды

154

Күн тәртібіндегі басты мәселе өңірлік тексеру комиссияларының, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және ішкі аудит қызметтерінің 2023 жылғы жұмысын бағалау болды. 

Әлихан Смайылов Қазақстандағы камералдық бақылаудың сапасының төмендігіне назар аударды Фото: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Дереккөз – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Қаржы министрлігі, Сауда министрлігі өкілдерінің және өңірлік тексеру комиссиялары басшыларының қатысуымен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің 12-отырысын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қатысушылар анықталған бұзушылықтар мен қабылданған ден қою шараларын, сондай-ақ аудит саласындағы заңнаманың қызмет стандарттары мен талаптарын сақтау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Ардақ Тенгебаевтың айтуынша, 20 өңірлік тексеру комиссиясының тек 11-інің (55%)  қызметі тиімді деп бағаланған. Қалғандары "қанағаттанарлық" деген баға алды. Негізгі параметрлердің бірі – мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістер көлемі. 10% шегінде ауыстыру оң бағаланады, ал 10%-дан жоғары енгізілген өзгерістер бұзушылық болып саналады, себебі бұл үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. 2023 жылы ШҚО, СҚО және Қостанай облыстарының тексеру комиссиялары бір жыл ішінде өз тізбелерін 10-нан 30%-ға дейін жаңартқан. Ал Түркістан облысында бірден 38%-ға, яғни ең үлкен ауытқу тіркеліп отыр.

"Көрсеткіштерді асыра бағалау фактілері де анықталды. Шымкент ревкомі аудит бойынша 122,6 млрд теңгені қамтыса, ал тиімсіз пайдалану және жоспарлау сомасы 163,9 млрд теңгені немесе 133,7%-ды құраған. Бұл – нонсенс", – деді ол.

Әлихан Смайылов құқықтық статистика органдарында аудит нәтижелерін тіркеу бөлігіндегі кемшіліктерді, анықталған қаржылық бұзушылықтарды бюджетке өтеу жөніндегі жұмыстағы олқылықтарды және басқа да бірқатар бұзушылықты атап өтті.

Бұдан бөлек, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында тексеру комиссияларының қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық істері бойынша мемлекеттік аудитордың сертификаттары қайтарып алынған.

"Бұл – өте маңызды сұрақ. Мұндай фактілердің әрқайсысы мұқият қаралып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға аса көңіл бөлу керек", – деп атап өтті ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Аталған мәселелер мен қабылданған шаралар бойынша тексеру комиссияларының төрағалары Ғалымжан Тапеев, Дмитрий Костюк, Айдос Садықов, Нұржан Нәлібаев, Мейрам Мұсаев және Қайрат Сейтқожаев түсініктеме берді.

Сонымен бірге Палата төрағасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тарапынан камералдық бақылау сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы мемлекеттік органнан хабарламалар негізсіз жиі берілген, бұл – тексеру объектілері мен қызметкерлердің өздеріне артық жүктеме.

"Тексерілетін объектілер қарсылықтарының 42%-ның расталуы камералық бақылаудың нашар жұмыс істейтіндігін білдіреді. Бұған жол беруге болмайды. Комитет қателіктермен жұмыс жасауы керек, субъектілерге кейіннен расталмайтын хабарламалар жіберілмеу үшін камералдық бақылаудағы тәуекел бейінін, параметрлерді түзету қажет. Бұл – уақыт пен қаражатты орынсыз шығындау, тексерілетіндерге жүктеме", – деді Әлихан Смайылов.

Отырыста аудиторлық қызметті цифрландыру мәселесі де қаралды. Бүгінде республикада цифрлық технологияларды пайдалана отырып, нақты уақыт режиміндегі аудитке кезең-кезеңімен көшу іске асырылуда.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу веб-порталын толық автоматтандыру оларды өткізу рәсімдері сатысында электрондық аудитті сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде аудит жүргізу мерзімдері қысқартылып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдау қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінде электрондық аудит кеңінен қолданылуда. Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің барлық аумақтық бөлімшелерінде аудиторларды оқыту және жаңа электрондық аудит модулін іске қоса отырып, жүйені пилоттық режимде тестілеу жүргізілді.

Тұтастай алғанда, электрондық аудит қабылданатын шаралардың жоғары тиімділігі мен жеделдігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тексерілетін объектілермен тікелей қарым-қатынасты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Биыл министрліктердің бюджеттік өтінімдерін мониторингтеу процесін автоматтандыру жоспарлануда. Бұл бюджетті жоспарлау сатысында бұзушылықтарды анықтауға және мемлекеттік сатып алу кезеңіне дейін оларды жою туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді.

2025 жылы интеграцияға "e-Qurylys", "Ұлттық білім беру дерекқоры", "Медициналық техниканы басқару жүйесі", "e-Agriculture", "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" және т.б. ақпараттық жүйелер қосылады. Бұл бюджет қаражатын пайдалануды бақылауды айтарлықтай арттырады.

Әлихан Смайылов тәуекелдерді басқару жүйесін өзекті деректермен толтыру және электрондық аудиттің әлеуетін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

"Мемлекеттік аудитті цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру маңызды, себебі бұл – аудит тиімділігін арттырудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың ең пәрменді шараларының бірі. Процестерді автоматтандыру арқылы аз күшпен үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Жұмысты жеделдету қажет", –  деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Отырыста сондай-ақ Қазақстанның сыртқы мемлекеттік аудит әдіснамасына халықаралық жоғары аудит органдарының (ИССАИ) стандарттарын енгізу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, көптеген аудиторлық есептер мен қорытындылардың орнына мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бірыңғай құжат қалыптастыруға көшу моделі әзірленді. Бұл Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссияларының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ әрбір аудитордың 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу