Алкоголь коронаровирустық инфекциядан сақтай алмайды

883

Ішімдік бактериялар мен вирустардың таралуына  қолайлы орта қалыптастырып, иммунитетті әлсіретеді.

Алкоголь коронаровирустық инфекциядан сақтай алмайды

Алкогольді ішімдік ішу коронаровирустық инфекциядан сақтай алмайды. Керісінше жүрекке ауырлық түсіріп, ақғаны әлсіретеді. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының күндізгі стационар меңгерушісінің міндетін атқарушы, дәрігер-терапевт Гаухар Қожакеева мәлімдеді.  

"Бүгінде қауіпті инфекцияны жұқтырудан қорқып, кейбір адамдар алкоголь өнімдерін сатып ала бастады. Бірақ алкоголь ішімдіктері адамды коронаровирус инфекциясының таралуы мен жұқтыруынан сақтай алмайды. Спирттің құрамының жоғары болуы вирустарды жоя алатындығын жоққа шығармаймыз, алайда бұл ішімдікке құмарлықты тудыра отырып, адам үшін қауіпті  болатындығын естен шығармауымыз керек. Осының салдарынан адам қайтыс болуы ықтимал. Коронавирус симптомдары ағзаның қатты улануына әкеледі, ал ішімдікті пайдалану осы процесті ушықтыруға және ағзаның сауығып кетуіне кері әсерін тигізеді. Алкогольдің жартысы өкпе арқылы шығарылады және кез келген инфекцияда, оның ішінде коронавирус инфекциясында, әсіресе онымен қоса шылым шегілетін болса, керісінше, аса қауіпті", – дейді маман. 

Сонымен қатар терапевт алкогольді пайдалану жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін екенін айтады. 

"Ішімдік жүрекке ауылық түсіреді. Әрі бактериялар мен вирустардың таралуына  қолайлы ортаны қалыптастырып, ағзаның түрлі ауруларға қарсыласуын азайта отырып, иммунитетті әлсіретеді", – дейді Гаухар Қожакеева. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу