Ержан Қосмамбетов Алматы бокс федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.
Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында федерация президенті Кеңес Рақышев жергілікті федерацияның жаңа басшылығына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, қалалық федерация енді "Барыс" Алматы қаласының бокс федерациясы" деп аталады.
Ержан Қосмамбетов осыған дейін қалалық федерацияны 2009-2012 жылдар аралығында басқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу