"Almaty Business-2025" аймақтық бағдарламасы таныстырылды

1662

Бағдарлама мақсаты – Алматы мен одан шет жатқан кәсіпкерлік нысандарды қолдау. 

 "Almaty Business-2025" аймақтық бағдарламасы таныстырылды

Алматы кәсіпкерлерінің V конференциясында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев "Almaty Business-2025" аймақтық бағдарламасын таныстырды.

Бағдарлама мақсаты оңтүстік астананың орталығында және шет аймағында шоғырланған барлық кәсіпкерлік нысандарды қолдау болып табылады. Оның аясында "Qoldau" орталығы және жас кәсіпкерлерге арналған "Bastau" бағдарламасы құрылды.

"Qoldau" орталығы "бір терезе" принціпі негізінде жұмыс істейді. Аталмыш орталықта бизнеске қатысты барлық ұйымдар, оның ішінде жер участкілерін тіркеу мекемелерінен бастап, "КазТранс газ", "Алматы су", "Алматы жарық" т.б. шоғырланады.

"Ал жас кәсіпкерлерге арналған "Bastau" бағдарламасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге аспақ. 50-дей кеңседе еліміздің танымал кәсіпкерлері бизнес бастамақ болған жастарға дәріс оқиды. Бағдарлама аясында қазірдің өзінде қысқа мерзімді мамандық алуға 4 мыңнан аса адам жіберілді",– дейді  қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Жалпы "Almaty Business-2025" аймақтық бағдарламасының басты мақсатының бірі – биыл 9 мыңнан аса, 2020 жылы 30 мыңнан жоғары жұмыс орнын ашу.

Алматыда "Атамекен" ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен кәсіпкерлердің дәстүрлі V бизнес-конференциясы өтіп жатыр. Шара тікелей эфир арқылы көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу