Алматы қаласында ҰБТ басталды

1318

Бірыңғай тестілеу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. 

Алматы қаласында ҰБТ басталды

Алматыда Әл-фараби атындағы  ҚазҰУ базасында ҰБТ басталды. Түлектер емтиханды бір күнде екі лектен тапсырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰБТ-ға қатысушылар ұлттық университет ғимаратының алдына сағат 7.30-да жиналды. Әр түлек тексеруден өтті: жеке басын сәйкестендіру, санитарлық өңдеу, сондай-ақ тыйым салынған гаджеттердің бар-жоғын визуалды тексеру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Жандос Құмғанбетов Биыл Алматыда 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыратынын айтады. Олардың әрқайсысының екі мүмкіндігі бар, бірінші кезең 10 наурыздан 26 сәуірге дейін өтті, ол жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік береді. 6 мамырдан бастап грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ басталды. Тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады.

"ҰБТ – ны екі лек бойынша өткіземіз, таңертең сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және түстен кейін сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл карантин шараларын сақтау мақсатында жасалды, әрбір оқушының өз дербес компьютері бар, ал нәтижесін тест аяқталғаннан кейін бірден білуге болады", - деді БҒМ өкілі Жандос Құмғанбетов.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілі ҰБТ-ның электрондық форматы жаңа заман талабы екенін, оның үстіне ол оқушыларды қатты күйзеліске түсірмейтінін айтты.

ҚазҰУ базасында Ақпараттық қауіпсіздік қатаң сақталған, санитарлық нормалар, сондай-ақ аудиторияға тыйым салынған заттардың әкелінбеуін қадағалайтын қызметкерлер кезекшілік атқарады. Әзірге бұзушылықтар анықталған жоқ.

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуын медицина қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қадағалайды. Тексерушілер, оның ішінде ювеналды полиция қызметкерлері бүкіл периметр бойынша бөлінді, олар тәртіпті қадағалап, тестілеу пунктіне бөтен адамдарды жібермеді.

Университет аумағына бөтен адамдарға рұқсат етілмейді, бірақ ата-аналарға процесті сырттан бақылауға рұқсат етілді, бірақ бірге келгендер аз болды. Тек қала маңында тұратын түлектердің ата-аналары келді.

Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін кіреберістің периметрі бойынша шектеу белгілері орнатылған. Бетперде режимі сақталған. 

Айта кетейік, биыл тестіленушілер Face-ID бойынша сәйкестендіруден өтеді. Оқушылар жеке тұлғалар мемлекеттік базасы арқылы тексеріледі. Тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) анықтау үшін отандық прокторинг жүйесі де қолданылады. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады.

Биыл ҰБТ тапсыруға кететін шығын айтарлықтай қысқарады. Сұрақ кітапшаларын, жауап парақтарын және басқа құжаттарды басып шығарудың қажеті жоқ. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, ҰБТ-да 600 млн теңге үнемдейді. Келесі жылдары бұл сома тағы қысқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу