Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

1152

Жандарбек Бекшин бекіткен құжатқа сәйкес, шаһарда карантин режимі күшейтілмек. Сонымен қатар, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде аралас оқыту форматына  көшіру туралы шешім қабылданған.  

Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

"2020-2021 оқу жылының екінші семестрін колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері ерiктi негiзде 70% офлайн, 30% онлай оқу форматына ауыстыру рұқсат етіледі", - деп жазылған қаулыда.

Мұндағы басты талап күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтықтың сақталуы.

Бұған қоса І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептердің 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыру үшін мекеме басшылығына асханалар ұйымдастыру міндеті жүктелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу