Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы тағайындалды

897

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы тағайындалды

Ләззат Шыңғысбаева 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

2000 жылдан 2007 жылға дейін түрлі бизнес-құрылымда жұмыс істеді. 2007-2013 жылдары "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, "G4" ЖШС "Алматы қаласының серіктес қалалары" жобасының бас менеджері болды.

2013-2017 жылдары Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Adal саяси партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына 20 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, "Атамекен" ҚР ҰКП, Алматы облысы әкімінің, Алматы облысы прокурорының Құрмет грамоталары және  Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу