Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті

491

Олар – Бәйтерек ауылындағы мектептің 5-сынып оқушылары

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті. Олар – Бәйтерек ауылындағы мектептің 5-сынып оқушылары", - дейді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті.

"7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты", - деді Ләйлім Әубәкірова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу