Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы әскери-патриоттық клуб ашылды

856

12 сәуірде өткен әскери-патриоттық клубтың салтанатты ашылуына батырдың жұбайы, туыстары мен достары қатысты. 

Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы әскери-патриоттық клуб ашылды Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Асқар Забикулин атындағы "Жас өрт сөндірушілер" әскери-патриоттық клубы ашылды, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас өрт сөндірушілер клубын ашудағы ең басты мақсат – өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тұрғысында тәрбиелеу.

Болашақта әскери-патриоттық клубты толыққанды бейінді сынып ретінде қалыптастыру жоспарланып отыр.

Салтанатты ашылу рәсімінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтауының бейнетрансляциясы көрсетілді.

Бірқатар ұстаздар мен облыстық білім басқармасының лауазымдық тұлғаларына ведомство басшысының алғыс хаттары табыс етілді.

Ақпаратқа сәйкес, "Жас өрт сөндірушілер" әскери-патриоттық клубының 8 "А" сынып оқушыларымен "Бейбіт күннің батыры" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Айта кету керек, елордадағы құтқарушылар саябағында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге естелік тақта орнатылғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, Астанадағы Е 583 жобалық көшеге өрт сөндірушінің есімі берілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу