Алматы облысында дәрі сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды

1507

Дәрігер дәрі сатып, 1 млн 370 мың теңге тапқан. 

Алматы облысында дәрі сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада жансақтау бөлімінің меңгерушісі тапшы дәрілерді сатқаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды",– деп жазылған хабарламада.

Жеке тексеру барысында "Севофлуран", "Цефтриаксон", "Меобактрин", "Альбунорм", "Неоцитотект", "Октагам", "Архимакс", "Меропенем", "Годовист" және "Пропофол" секілді 90 дәрі тәркіленген.

Дәрігер осынай заңсыз әрекеті арқылы 1 млн 370 мың теңге тапқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу