Алматы полициясы "Жібек жолы" мен "Карсити" сауда орталығында рейд жүргізді

1030

Жедел профилактикалық шара барысында 3 айна, 20 аккумулятор, 4 шам тәркіленді.

Алматы полициясы "Жібек жолы" мен "Карсити" сауда орталығында рейд жүргізді

Алматы полициясы мүлікті ұрлауға қатысты қылмыстың санын қысқарту мен алдын алу мақсатында "Карсити" мен "Жібек жолы" базарының аумағында тексеру жүргізді. Жедел профилактикалық шара барысында бұрын пайдаланылған автокөлік қосалқы бөлшектерін сататын 293 сауда нүктесі назарға алынды.

 "Жедел қызмет барлық сауда нүктесін тексерді. Әсіресе бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектер сататындарды жіті тексереміз. Өйткені көбінесе осы нүктелерден заңсыз мүлік анықталады. Ескі қосалқы бөлшек сататын әрбір сатушы оларды заң талаптарына сәйкес сатып алу жолын біледі. Алайда кейбірі ұрланған бөлшектерді қабылдап, заң талаптарын бұзады. Өткені ондай қосалқы бөлшектер арзанырақ. Бұл жолғы рейд барысында 3 айна, 20  аккумулятор, 4 шам, 10 бұрылысты көрсететін белгі тәркіленді. Олардың қазірге қолды болмағаны көрсететін құжаттары жоқ. Егер сараптама барысында қосалқы бөлшектер бұрын ұрланғаны белгілі болса, саудагерлер Қылмыстық кодекстің 196 бабы (Қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу – сату) бойынша жауапқа тартылады",– деді Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу