Алматы – Үшарал аралығындағы жол құрылысы 2020 жылы аяқталады

1211

Алматы – Үшарал, Үшарал – Ақшы ауылына апаратын жол 2020 жылы пайдалануға беріледі.  

Алматы – Үшарал аралығындағы жол құрылысы  2020 жылы аяқталады

"Нұрлы жол" жобаларының іске асу жайын Астанада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері баяндады, деп хабарлайды almaty.tv.

Ақшыға апаратын жолдың бітуі Алматы маңындағы Алакөл көліне туристердің келуін де ыңғайлы етеді деген ойда мамандар. Жиында Алматы – Талғар және Үшарал – Достық арасын жалғайтын жолдар да айтылды.  

"Алматы – Талғар жолы жоспарымызда бар. Бірақ ондағы жолдың жөндеуіне бөлінген қаржыны қорғап шығуымыз қажет. Үшарал – Достық торабы бойынша қазір жоба түзу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың соңына дейін құжаттарды аяқтағымыз келеді. Келесі жылдан бастап жұмыстарға кіріссек деген ниеттеміз", – деді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының бас инженері Арман Қайырбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу