Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қай сатыда тұр?

496

Барлық күдікті ұсталды.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс қай сатыда тұр? Фото: отбасылық мұрағаттан

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдікті ұсталды.

"Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрғанат Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Алматы облысының прокуратурасы жалған ақпарат таратуға болмайтынын, уәкілетті органдардың ресми мәлімдемелеріне ғана сенген жөн екенін еске салды.

Айта кету керек, осыған дейін Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов марқұм Шерзат Болаттың ісіне қатысты пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу