Еуропаның ірі мегаполистері секілді Алматыда орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосылған үш биодәретхана орнатылды. Бұл туралы almaty.tv ақпарына сүйеніп "ҚазАқпарат" хабарлайды.
Олар Мақатаев-Уәлиханов көшелерінің қиылысына, Мұстафин көшесінің бойына және "Қазақстан" қонақ үйінің артында орналасқан. Жыл соңына дейін олардың саны 10-ға жетеді. Ал келесі жылы қалада жүзден астам биодәретхана болады. Осылайша, Алматы кәсіпкерлерінің бірі тұрмыстық деңгейде болса да, қаланы туристік тартымды етуге шешім қабылдады. Бір биодәретхананы орнату үшін кәсіпкер 7 миллион теңге жұмсаған.
"Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы, таза, стационарлық санитария талаптарына сай дәретханалар орнатуды қолға алдық", – деді кәсіпкер Хасан Гасанов.