Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау жобасы аясында 6 мыңнан астам адам тексерілді

561

Алматыда соңғы екі жылдан бері АИТВ эпидемиясын бақылау жобасы жүзеге асып келеді.  

Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау жобасы аясында 6 мыңнан астам адам тексерілді Фото: egemen.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингісінде АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша Алматы моделі жобасының директоры, Колумбия университеті жанындағы ICAP Мира Сауранбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталмыш жоба АИТВ-мен күрес жөніндегі "Қалалар-модельдер" RADIAN Элтон Джон қорының ауқымды бастамасы аясында құрылған.

"Оның мақсаты – қала тұрғындарына стигматизациясыз және кемсітусіз АИТВ-инфекциясының тиімді түрде алдын алу. Тестілеу және емдеуге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуде тұрақты, кешенді және тиімді қалалық бағдарлама құру", - деді спикер.

Жоба аясында қала әкімдігі, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ЖИТС-тің алдын алу, оған қарсы күрес орталығы және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте жұмыстар жасалады.

"Жобада әртүрлі цифрлық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Мысалы, байланысқа дейінгі алдын алуда дәрі-дәрмек алу үшін дәрігерге бару туралы автоматты SMS ескертулер, серіктестер хабарламаларының баламалы түрлері, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақпараттандыру кеңінен қолданылады. "Пациент мектебі" Telegram боты" әзірленді. Онда емделушілер дәрігерге, психологқа, кеңес берушіге сұрақтар қойып, көмек көрсету тобының онлайн чатына қосыла алады",- деді Мира Сауранбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу