Алматыда бейнекамералар көмегімен 4 мың қылмыс ашылды

929

Қалада 119 мың бақылау жүйесі бар.

Алматыда бейнекамералар көмегімен 4 мың қылмыс ашылды

Өткен жылы Алматыда бейне камералардың көмегімен 3 мың 660 қылмыстық іс және 15 мың 740  әкімшілік құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлады полиция департаменті.

Жалпы шаһарда қоғамдық тәртіпті қадағалауға негізделген 119 мың бақылау жүйесі жұмыс істеуде. Оның 156-сы жедел әрекет ету орталығына тиесілі. Ал 1 мың 791 құрылғы қаланың әр бұрышындағы ғимараттарда орнатылған. Бұдан бөлек 1 мың 173 камера 2017 жылы мегаполисте өткен қысқы универсия нысандары аумағында жұмыс істеуде. Сонымен қатар метро мен білім беру нысандары 4 мыңнан астам бақылау жүйелерімен қамтылған. Ал бала ұрлығының алдын алу үшін перзентханаларда 143, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы аясында  7 мың 490  камера орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу