Алматыда су басуға қарсы жұмыстар қаланың коммуналдық қызметтерінің бақылауында, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Су басып қалудың алдын алу және оны болдырмау үшін ТЖД Алматының аудандық әкімдіктерімен бірге жиі су басып қалатын 17 учаскені анықтап, оларға жүйелі мониторинг жүргізіп, нақты шараларды іске асырды.Бүгінде Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметінің күштері мен техникалары су басып қалуы мүмкін учаскелерге жауын- шашыннан бұрын жеткізілді, инертті материалдар әзірленді", – деп жазылған таратылған хабарламада.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан ақпар бойынша таңғы сағат 10:00-де бірнеше мекенжайлардағы су басып қалу оқиғалары тіркелді деп хабарлайды
Оның ішінде: Медеу ауданында электр қуатының болмауына байланысты әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы көпір астында сорғы сөніп, су жиналған. Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық қызметтер сол жерде жұмыс жасауда (Алматы Тазалық, Алматы су, Құтқару қызметі 109,) 2 арнайы техника мен 6 мотор сорғысы іске қосылды. Сорғы станциясы да қосылған
Алмалы ауданы - Мұқанов көшесін су басуы бойынша "Алматы Тазалық" қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады. 30 қап инертті материал пайдаланылды- жұмыстар аяқталдыдеп жазады әкімдік баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Бостандық ауданы - Есеналиев көшесі 33- 5 қабатты үйдің жертөлесіне су жиналып, су арық жүйесіне бұрылған, 40 қап қолданылған. Ал Әуезов ауданындағы 9-ықшамаудан, 51-үйде жертөлені , Түрксіб ауданында - Қайрат 93 ықшамауданы бойынша ЖТҮ ауласын су басқан. Бұл жердің бәрінде "Алматы Тазалық" қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.
Соңғы бес жылда қалада 497 км арық жүйесі салынып, 40 км көл саласы ретке келтіріліп, жағасы бекітілді. Бұл шаралар су басу мүмкін орындар санын 3,5 есе азайтуға мүмкіндік берді. Алматы қаласы бойынша 376 км арық желісін салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.