Алматыда электрсамокат мінген 44 жастағы ер адам жиектасқа соғылып, қаза тапты

137

Ол алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.    

Алматыда электрсамокат мінген 44 жастағы ер адам жиектасқа соғылып, қаза тапты Фото: gov.kz

Қайғылы жағдай Төле би даңғылына жақын Варламов көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы қала тұрғыны самокатты басқара алмай, жиектасқа соғылған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, дәрігерлер ер адамға реанимациялық көмек көрсеткен. Айта кетейік, марқұмның басында шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу