Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды

Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.   

Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды Фото: zakon.kz

Қайғылы оқиға 7 қараша таң ертең Б.Момышұлы көшесі бойында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Таңғы сағат 7:30 шамасында "Алатау сити" тұрғын үй кешенінің алдында жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды көлік қағып кеткен. Полиция департаментінің дерегінше, жаяу жүргіншіні қаққан көлік жүршізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. 

"7 қараша күні таңғы сағат 07:25-те белгісіз жүргізуші көлікпен Б.Момышұлы көшесінің бойымен солтүстік бағытта, №5 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың белгіленген бөлігінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Азамат 1977 жылы туған. Жаяу жүргіншілер өткелінен батыс бағытта өтіп, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі мен 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, қазір осы қылмысты жасаған жүргізушіні анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу