Алматыда мас жүргізуші 3 адамды қақты

1173

1997 жылғы жүргізуші ішімдік ішіп, есірткі шегіп, көлікке отырған.  

Алматыда мас жүргізуші 3 адамды қақты

Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған 3 жаяу жүргіншіні көлікпен қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 маусымда кешкі сағат 20:20-да болған.

"1997 жылғы К. есімді жүргізуші ішімдік ішіп, есірткі шегіп, "Ваз 21099" көлігін басқарған. Ол Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші аялдамада тұрған 3 жаяу жүргіншіні көлікпен қаққан. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қаладағы уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу