Алматыда неонатологтар екі жақты өкпе қабынуымен туған сәбиді құтқарып қалды

Бала оттегі жетіспеушілігі белгілерімен туылды. 

Алматыда неонатологтар екі жақты өкпе қабынуымен туған сәбиді құтқарып қалды Фото: Алматы қалалық №4 перзентхана

Неонатолог дәрігерлер сәбидің дем алуын қалыпқа келтіру үшін шұғыл реанимациялық іс-шаралар жүргізді, деп жазады inbusiness.kz.

Толығымен баланың тыныс алуын қалпына келтіру мүмкін болмады. Оған себеп жаңа туған сәбидің өкпесінің екі жақты қабынуы. Кейіннен анықталғандай, құрсақішілік оттегі жетіспеушілігі жүкті кезінде анасының инфекциясы балаға жұққандығы себеп болған.

Сәби өздігінен дұрыс тыныс ала алмағандықтан туғаннан бастап, Алматы қалалық №4 перзентханасының жаңа туған сәбилерге арналған қарқынды терапия жағдайында, өкпені жасанды желдету аппаратында жатты.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жақсы көрсеткіштермен туылды. Оның салмағы 3 келі 332 грамм, бойы 53 см болды.

"Анасының аяғы ауыр кезде қан қысымы жоғары болған және қағанақ суының аздығынан зардап шеккен. Инфекция кезінде қанның ұюы бұзылып, дене қызуы көтерілген және ішек жұмысы бұзылған. Қан ұйюын қалыпқа келтіру үшін қанның сұйық бөлігі құйылды. Сәби өздігінен еме алмағандықтан, өмір сүру қалпын сақтау үшін қоректік заттар тамыр арқылы жіберілді. Бала ұзақ уақыт бойы дәрілік ұйқыда болып өздігінен дем ала алмады. Өкпе мен ішектегі қабыну процесстері қайтқаннан кейін, тыныс алуы біртіндеп қалыпқа келе бастады", - деді №4 перзентхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Кудрявцева.  

Туа біткен екі жақты пневмония бактерия, вирус немесе саңырауқұлақтартан пайда болады. Ол инфекцияның анадан балаға ұрықжолдас арқылы немесе босану кезінде жұғуы салдарынан туады.

Босану кезінде оттегі жетіспеушілігі, шала туу немесе анасында басқа да медициналық мәселелердің болуы сияқты факторлар туа біткен екі жақты

пневмонияның даму қаупін арттырады.

"Бұл жағдайда  сәбидің анасында қағанақ суы аз болған. Ол туа біткен екі жақты өкпе қабынуы қаупін арттыруы мүмкін. Ұрық қабының ерте жарылуы, плацентаның мәселелері немесе ана ағзасына сұйықтықтың жетіспеуі – ұрықтың өкпесі мен басқа да ағзаларының дамуына қажетті оттегі мен қоректік заттардың жетіспеуіне әкеп соғуы мүмкін. Нәтижесінде, бала инфекцияны жиі жұқтырады. Сондықтан, жүкті әйелдің денсаулығын бақылап, тұрақты түрде тексеріп отырса жүкті кездегі кез келген мәселелерді анықтауға болады", - деп атап өтті Алматы қаласы  №4 перзентхананың босану бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері Индира Кемалова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу