6 тамызда Алматы қаласында Мамыр шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның аясында тергеу және жедел іс-шаралардың кешені жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулерді жүргізу тағайындалып, бейнематериалдар тексеріліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді. Қылмыстық істі тергеу қала прокуратурасының ерекше бақылауына алынды", – деп хабарлады полиция департаменті.
"Экспресс К" тілшісі оқиғаның мән жайын анықтау үшін көршілерімен сөйлескен.
"Мен онымен араластым. Қандай да бір отбасылық іс-шаралар болса, бір-бірімізге көмектесетінбіз. Орындық, ыдыс-аяқпен алмасатынбыз. Балаларымыздың заттарымен алмасқан кездер де болды", – деді көршілерінің бірі.
Көршілерінің мәліметіне сәйкес, қайтыс болған әйел ашық-жарқын, ақкөңіл адам болған. Күйеуі екеуі ұл мен қызды тәрбиелеп отырған. Олардың бұл үйде тұрғандарына 10 жылға жуық уақыт болыпты.
Қайғылы жағдай орын алған күні көршілері бөтен дыбыстар естімеген.
"Ол есі дұрыс адам болды. Күйеуі де момын. Біз жеке мәселелерді талқыламайтынбыз, бірақ күйеуі екеуінің арасында келіспеушіліктер болды деп ойлаймын. Шынымды айтсам, олардың отбасында осындай жағдай орын алады деп ешқашан ойламас едім", – деді көршісі.