Алматыда тамақ өнімдерін сертификаттаудың жаңа бағыттары қолға алынбақ

1142

Стандарттау және аккредиттеу саласындағы жаңашылдықтар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдігінің басшысы Виктор Томасевич айтты.  

Алматыда тамақ өнімдерін сертификаттаудың жаңа бағыттары қолға алынбақ

Оның сөзінше бүгінгі таңда ұлттық аккредиттеу орталығы тауарларды тіркеудің жаңа жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Олар агроөнеркәсіптік кешен, медицина және менеджмент саласында. 

"Бұл шаралар аталған салаларда жыл сайын көрсетілетін қызметтердің өсуіне байланысы қолға алынды. Сонымен қатар сауда орталықтары мен дүкендердегі сөрелерде "Халал" таңбасы бар өнімдер өте көп. Өнімге таңба салуды "Халал" сертификаттау жөніндегі органдар рұқсат етеді. Кейбір жағдайларда өндірушілердің өзі ұқсас белгіні қояды. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі ұлттық стандарт қабылданды, бірақ сертификаттау органдарын үйлестіру үшін заңнаманың болмауына байланысты ел аумағындағы кез келген кәсіпорын өздерінің білімі мен іскерлігін негізге ала  отырып, "Халал" стандарттары бойынша жұмыс істей алады", - деп хабарлады Виктор Томасевич.

Спикердің айтуынша елімізде "Халалды" үшінші тараптың растауынсыз дербес сертификаттауды жүзеге асыратын бес ұйым бар. Ал жалпы өнімдерді аккредиттеуге негізделген 175 зертхана жұмыс істеді. Олар Кедендік Одақтың 021 техникалық регламенті аясында қызмет етеді. Сонымен қатар Қазақстанда органикалық өнімдер де өндіріледі. Алайда оны сертификаттауды шетелдік органдар жүзеге асырады. 

"Бүгінде Қазақстан ішінде органикалық өнімді бағалау жүйесі құрылуда", – деді Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдігінің басшысы. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу