Алматыда ұлттық және демалыс саябақтары уақытша жабылды

813

Әкімдік қаладағы карантиндік режимге байланысты адам көп жиналатын орындарға бармауды ескертеді.

Алматыда ұлттық және демалыс саябақтары уақытша жабылды

Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында бүгіннен, яғни 21 наурыздан бастап Алматы қаласы аумағындағы барлық ұлттық саябақтар мен демалыс саябақтары уақытша жабылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшылар паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, "Қиял әлемі" саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам қарасы көп жиналатын орындарға баруды тоқтата тұруды сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын қалалық әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиясының тұрақтануына дейін Алматы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсиялар өткізетін туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ, Туризм басқармасы туроператорларға коронавирус тіркелген қауіпті санаттағы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтату туралы ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтар таратылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу