Алматыдағы №1 перзентхананың бас дәрігері сотталды

1133

Ол енді қазынаға 180 млн теңге қайтаруға тиіс. 

Алматыдағы №1 перзентхананың бас дәрігері сотталды

Пара алды деп айыпталған Алматы қаласы №1 қалалық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Наурызбай Рақышевке 6 млн теңге көлеміндегі пара мөлшерінен отыз есе көп айыппұл салынды. Ол енді қазынаға 180 млн теңге қайтаруға тиіс. Сондай-ақ, сот Рақышевты өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқарудағы лауазымдарды атқару құқығынан айырды. Бірақ, судья оны медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру қажеттілігі туралы дәлелдемелерді негізсіз деп тапты, өйткені сотқа дейінгі тергеу органы мен сот ол жасаған қылмыстың оның кәсіби медициналық практикасына қатысы жоқтығын анықтады.

Еске сала кетсек, осы жылдың шілде айында қалалық перзентхананың бас дәрігері үй-жайларды жалдау келісімшартын бұзуға мүмкіндігі барлығын пайдаланып, компания директорына кәсіпкерлік қызметті тоқтатпағаны және жалпы қорғағаны үшін ай сайын 200 мың теңге төлеуге міндеттеген. Алайда мұнысы заңсыз екені сотта дәлелденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу