Алматыдағы балмұздақ зауытында уланған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

811

6 адам дереу аурухана жеткізілген, деп жазды inbusiness.kz.  

Алматыдағы балмұздақ зауытында уланған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер 26, 46 және 38 жастағы үш науқастың хәлін ауыр деп бағалауда. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.

"Олардың науқастың біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Төрт науқастың үшеуі қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр", – деді Алматы қаласы жедел көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаров.

Еске сала кетсек, Алматыда балмұздақ шығаратын зауыттың алты жұмысшысы аммиактан уланған. Алдын ала қорытынды бойынша, мұздатқыш баллонның артқы жағындағы резеңке тығыздағыштың зауыттық ақауы салдарынан 500 грамм зиянды зат ағып кеткен. Ауысым кезінде өндірілген өнімдер сатылымнан алынды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу