Алматыдағы өрт: 4 бала реанимацияда жатыр

694

16 қабатты үйдегі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді.

Алматыдағы өрт: 4 бала реанимацияда жатыр Фото: ҚР ТЖМ

Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Зардап шеккендердің ішінде 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды.

Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.

Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, балалар шұғыл медициналық көмек орталығы, № 7 қалалық клиникалық аурухана, жедел медициналық көмек ауруханасы, орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 қалалық клиникалық аурухана.

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.

Еске сала кетейік, 16 қабатты үйде өрт тұтанып, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде сөндірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу