Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны артты. Алғашқы берілген ақпараттарда 7 адам қайтыс болғандығы айтылған еді.
ІІМ ТЖ комитеті көз жұмғандардың тізімін берді:
1. Николай Астанов 1971 ж.
2. Р. Хайдаров 1940 ж.
3. Бауыржан Қалиев 1974 ж.
4. Базархан Кәрібаев 1974 ж.
5. Марат Мұратбаев 1961 ж.
6. Абай Нұрбаев 1982 ж.
7. А. Исина
Еске сала кетсек, бүгін 7.22-де Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Бэк Эйр әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, соңғы ақпараттар бойынша 12 адам көз жұмған.
"Оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оперативті штаб құрылды. Жедел байланыс телефондары жұмыс істеп тұр. Жедел байланыс телефондары: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47", – деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әлібек Абдилов.