Bek Air әуекомпаниясына тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті. Сондай-ақ 9 адам зардап шеккен, оның алтауы – бала, деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов,
Бұған дейін 7 адам мерт болғаны хабарланған еді.
Еске сала кетсек, бүгін таңғы сағат 7.22-де Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан "Бэк Эйр" әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтеріле бере, биіктікті сақтай алмай, бетон қоршауды бұзып өтіп, қос қабатты құрылысқа соғылған.
Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылған, оған Премьер-министрдің өзі төрағалық етеді.
Президент ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер №4 аурухана мен балалар "Жедел медициналық көмек" орталығына жеткізілен. Барлық қалалық қызметтер жұмылдырылған.