Алматыдағы жол апаты: дәрігерлер 23 адамның жағдайын баяндады

120

Алматылық дәрігерлер автокран мен автобус соқтығысынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты.  

Алматыдағы жол апаты: дәрігерлер 23 адамның жағдайын баяндады Фото: Видеодан скриншот

Кеше Алматыда болған жол апатынан 23 адам жарақат алған еді. Көпшілігі – автобус жолаушылары. Зардап шеккендердің төртеуі – жеткіншек, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар балалар ауруханасына жеткізілген. 7 адам №7 клиникалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексеруден өтіп, қажетті көмек көрсетілген соң олардың бәрі амбулаториялық ем алуға үйіне қайтарылды.

Сонымен қатар Алматы облысына қарасты көпсалалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген 12 зардап шегуші де тиісті ем шарадан соң үйлеріне жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық.

Айта кетейік, кеше Бұрындай тасжолында автокран жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолаушылар автобусы мен бірнеше жеңіл автокөлікке соғылған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

– Егер сот сараптамасы ауыр немесе орта дәрежедегі дене жарақаттарын анықтаса, онда қылмыстық іс қозғалады. Егер дене жарақаттары жеңіл болып табылса, бұл іс әкімшілік заңнама тұрғысында қарастырылады, – деп мәлімдеді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу