"Алматыэлектротранс" жол апатына ұшыраған автобус жүргізушінің жағдайы туралы ақпарат берді

Оның қолы сынғандықтан №4 қалалық ауруханаға жатқызылды.  

"Алматыэлектротранс" жол апатына ұшыраған автобус жүргізушінің жағдайы туралы ақпарат берді Фото: smi24

"№201 бағыттағы автобус жүргізушісінің  еңбек өтілі 10 жыл, компанияда 2021 жылдың 19 наурызынан бастап жұмыс істейді. Жүргізушінің жасы 59-да", – деп хабарлады тасымалдаушы.

Компания оны тек жақсы, жауапты маман ретінде сипаттады.

Сонымен қатар тасымалдаушы автобус тежегіштерінің ақауы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

 "Биылғы жылдың 23 қыркүйегінде №201 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылды. 18 LiAZ автобусының орнына 2022 жылғы 24 Golden Dragon автобусы маршрутқа шықты. Жолаушылардан автобустары санының аздығы туралы шағымдар түскендіктен осындай шара қабылданды. Автобустарды ауыстырып, санын көбейткеннен кейін қозғалыс аралығы 12 минуттан 6-7 минутқа дейін қысқартылды. Бұл автобустар биылғы мамыр айында сатып алынған, өндірушіден кепілдігі бар және техникалық жағынан ақаулары жоқ. Тежеу жүйесі де дұрыс жұмыс істеді", – деп хабарлады компания.

Еске сала кетсек, Алматының орталығында екі автобустың қатысуымен болған жол апатында бір жаяу жүргінші қаза тауып, 19 адам жарақат алған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу