"Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары" онлайн-таныстырылым кезінде мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаевқа Алматыға ең жасыл қала мәртебесін қайтару бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская баяндап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жасыл экономика басқармасының басшысы атап өткендей, қала құрылысының жаңа саясаты - ол әр ауданда өз-өзіне жеткілікті орталық құру.
"Біздің міндетіміз - аудандардың сәйкестігін баса көрсету, қауіпсіз, жайлы парктер, ал, біздің саясатымыз - тұрғындардың қажеттілігіне қарай әр аймақтың бірегейлігін баса көрсету. Абаттандыру туралы әр жобада біз алматылықтармен бірге өзара әрекет ететін боламыз", - деп атап өтті Наталья Ливинская.
Презентацияда Түрксіб ауданындағы Әуежай көлінің жайластырылуы таныстырылды. Алатау және Жетісу аудандарындағы қоғамдық кеңістіктер. Олардың мақсаты жайлы максималды түрде жасыл ортаны қалыптастыру. Қоғамдық кеңістік жүйесін қалыптастыру.
Үлкен Алматы каналын абаттандыру мен жөндеу жобасы. Каналды түгелімен қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда, оның көпірлері, гидротехникалық құрылғылары, оның бойындағы жаяу жүргінші жолы. Қауіпсіз жаяу жүргінші жолы мен велосипед жолы үш аймақты өзара қосатын болады.
Тұңғыш Президент паркі - Үлкен Алматы - Сайран көлінің жағасында үлкен дәліз құру жоспарлануда. Оның ұзындығы 7,5 шақырым болмақ. Жасыл дәліз құрылысының жоспары биыл жыл соңына дейін аяқталмақ.
"Қазір біз ең басты активтердің бірі - Тұңғыш Президент паркінен басталатын дәлізді қалыптастырудамыз. Әр алматылық, қала қонақтары да кемінде бір рет болса да Тұңғыш Президент паркінде болған болар. Қазір бұл парк қалалық деңгейде, алайда біз оны әлемдік деңгейдегі паркке жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.
Сондай-ақ, Есентай мен Кіші Алматы өзендерінің жағасы дамитын болады, яғни олар қаланың солтүстігі мен оңтүстігін біріктіретін жаяу жүргінші өзегін қалыптастыратын үлкен мүмкіндікке ие.
Басқарма басшысы қалалық Арборетум мен мәдени кластері кіретін бақша кластерінің жобаларын таныстырды.
"Қаланың орталық бөлігінде басқаша тәсіл көзделгенін баса айтқым келеді. Қаланың орталық бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары болмайды - біз бәріміз жақсы көретін Алматының бірегей атмосферасын сақтап қалатын боламыз", - деп атап өтті Наталья Ливинская.
Қазақстанның символы, тарихи нысан, Алматының мұрасы -Мемлекеттік мұражай, Оқушылар сарайы, Әуезов атындағы театр, Қастеев атындағы мұражай, Бәйсеитова көшесі сынды қала тұрғындары үшін маңызды нысандарға іргелес аумақтар жаңартылып, қайта қалпына келтірілетін болады.
"Сөз соңында тағы да қайталап айтқым келеді, барлық жоба Алматы қаласының тұрғындарының қатысуынсыз жүзеге асырылмайды. Өйткені тұрғындармен жұмыла жұмыс істегенде ғана Алматыны жайлы әрі қауіпсіз ете аламыз. Қалаға жаңа скверлер мен саябақтар керек, Алматының бірегейлігін атап өту керек. Ал қаланың орталық бөлігінде - біз максималды түрде тарихи құндылығын сақтап қалуға тырысамыз", - деп қорытындылады басқарма басшысы.