Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Сейілхан Ақылбеков хабарлады. Осы айда нысанда көкөніс қоймасы бар жемшөп блогының құрылысы басталатыны белгілі болды.
Хайуанаттар бағы директорының хабарлауынша, биыл 21 жануардан 33 төл алынған.
"Бізде көк қошқар, пони, кенгуру, жайра, мысық лемурлары, ала бұғы, қодас, Чапман зебрасы, сусиыр, қарақұс балапандары, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық сұр жылан және басқа да жануарлар төлдеді", - деді Сейілхан Ақылбеков.
Хайуанаттар бағындағылар жануарлардың ауыруы мүмкін екенін жасырмайды, биыл 55 бас жануар ауырды, бұл олардың жалпы санының 1%-дан астамы. Тәжірибелі ветеринарлар асыраудағы жануарларға күтім жасайды және емдейді.
Салынып жатқан көкөніс қоймасына келетін болсақ, ол қосалқы шаруашылық егістіктерінен және күзде арзандатылған бағамен сатып алынған көкөністер мен жемістерді сақтауға мүмкіндік береді, бұл хайуанаттар бағының мал азығына қаражат үнемдейді.
Сонымен қатар, "Африкалық саванна" кешенін салу жоспарлануда, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оның құрылысына конкурс жарияланды. "Африкалық саванна" кешенінде 100-ге жуық жануардың 25 түріне дейін көрсетіледі.
"Африкалық саванна" жаңа экспозициясы пайдалануға берілгеннен кейін жануарларды ұстау шарттары табиғи мекендеу ортасына барынша жақын болады, онда бір алаңда жануарлардың бірнеше түрі ұсталатын болады. Қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбек жағдайлары, сондай-ақ келушілерге қолайлы жағдай жасалып, олардың қызығушылығы ескерілетін болады. Бұл экспозиция жыл бойы жұмыс істейтін болады, бұл келушілер санының артуына әсер етеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2024 жылға жоспарлап отырмыз", - деп жалғастырды хайуанаттар бағының директоры.
Сондай-ақ хайуанаттар бағында жалпы аумағы 1,5 гектар болатын "Арктика" кешені салынады. Онда табиғи ортаға барынша ұқсайтын жағдайлар жасалады.
Сонымен қатар, қар барысы мен сілеусінге арналған қоршау салынады. Жаңа қоршаулар Алматы қаласы мен Іле Алатауы тауларының символы – қар барысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Хайуанаттар бағының басшылығы 2024 жылы "Тропикалық жұмақ немесе маймылдар елі", "Мадагаскар", "Қазақ даласы" кешендерінің құрылыс жобасын жасауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, жаңа ветеринарлық клиника салу, жабайы жануарларды реинтродукциялау орталығы жобалары жасалмақ. Жоспар бойынша 2030 жылға дейін хайуанаттар бағының жалпы аумағының 70%-ы реконструкцияланады", - деп қорытындылады Алматы хайуанаттар бағының директоры.