Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды

350

"Қазгидромет" РМК ауа райы болжамынша қала аумағында 11-12 желтоқсан аралығында биіктігі 7 см-ге дейін қар жауады деп күтілуде. 

Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

11 желтоқсандағы ауа температурасы 2 градус аяз деңгейінде, түнде 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін -10...-12, одан әрі 12 желтоқсандағы күндізгі кезеңде -20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 51 патрульдік бригаданың кезекшілігін ұйымдастырды, 962 жол жұмысшысы, 360 бірлік арнайы техника, оның ішінде 124 құм таратқыш, 31 қар тиегіш, 32 қар шығару үшін самосвал жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда арнайы техниканың саны артады.

Ауа - райының нашарлауына байланысты-қар түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолдардағы жағдайға қатысты абай болғандары жөн. Жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау, автомобильдер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты, қауіпсіз қашықтықты сақтау, жолда маневр жасау кезінде ұқыпты болу қажет.

"Ауа-райы қолайсыз болғанда және қар жауған кезде, қауіпті жағдайда жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдықты минимумға дейін төмендеткен жөн. Жаяу жүргіншілер жол бойында пайда болған кезде өте мұқият болу керек және қолайсыз ауа-райы жағдайында жаяу жүргіншілердің көзқарасы шектеулі болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, жүргізушілерден қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін көліктерді тек осы үшін бөлінген орындарға қоюды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу